“Сәкен қатырады”: Әнші Кенжебек Жанәбілов сәбидің аузына түкіруден бас тартты

/
“Сәкен қатырады”: Әнші Кенжебек Жанәбілов сәбидің аузына түкіруден бас тартты

"МузАрт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов кішкентай тыңдарманы жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сахнада ән шырқап тұрған әншіге, залдағы қонақтардың бірі баласын әкеліп, аузына түкірткісі келген. Алайда әншінің мұндай ырымды орындауға батылы жетпеген.

"Суретте ең үлкен тыңдарманымыз тұр. Маған түкіртуге әкелген еді: "Мен жаспын ғой әлі" деп, бұл істі екі ағамызға тапсырдым", - деп жазды Кенжебек Тұрсынбайұлы әлеуметтік желіде.

Осы жабадан кейін желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірген.

"Қақырығың - қайма алтын, түкірігің - түйме алтын" деген ғой. Түкіріктің грамы қанша теңге тұрады, азаматтар, а?", "Түкіру жағын Сәкен қатырады", "Бала Кенжебекке ұқсайды екен" деп жазды желідегі жұрт.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары