Елдос Сметов алдағы Олимпиада ойындарына дайындықты бастады (ВИДЕО)

/
Елдос Сметов алдағы Олимпиада ойындарына дайындықты бастады (ВИДЕО)
фото: olympic.kz

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жеке бапкерімен дайындыққа қайта кірісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Ассалаумағалейкум, құрметті Қазақ елі. Біз өзіміздің дайындығымызды Ғалым ағайымызбен бірге бастап кеттік! Бүгінгі дайындықты жаттығу залында өткіздік. Олимпиададағы жеңістен кейін жол аяқталған жоқ. Ол енді ғана күрделене түсті! Сол себепті жаттығуымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз", - деді Елдос Сметов.

Спортшының кейбір жанкүйерлері оған сәттілік тілесе, енді бір бөлігі бапкердің биін қайта көргісі келетіндерін айтқан.

"Бір би жоқ па? Ағамды көріп биі есіме түсіп кетті", "Ғалымжан ағай, тек алға! Сіз кез келген жаққа бара бересіз ғой. Қос батырлар!", "Биігіңнен түспе, Елдос" деп жазды көпшілік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар