Элизабет Тұрсынбаева Михаил Шайдоров пен София Самоделкинаға алғысын білдірді

/
Элизабет Тұрсынбаева Михаил Шайдоров пен София Самоделкинаға алғысын білдірді

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Пхёнчханда Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева Михаил Шайдоров пен София Самоделкинаға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгінде Қазақстанда мәнерлеп сырғанау спортына баса назар аударыла бастады. Бұл анық сезіледі. Мұның бәрі – Миша мен Софьяның арқасы.

Михаил Шайдоровтың алтын жүлдесі мен Софья Самоделкинаның Олимпиадада үздік ондыққа енуі Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа танытып қана қоймай, өскелең ұрпаққа және еліміздің кішкентай мәнерлеп сырғанаушыларына үміт сыйлады.

Мәнерлеп сырғанау — мен жан-тәніммен жақсы көретін ғажап спорт түрі. Өзім де олардың нәтижелерінен шабыт алдым, мансабымды аяқтасам да, қазір өзім үшін ғана сырғанаймын.

Қазақстанды әлемдік аренада таныстырғаныма өте қуаныштымын. Ал қазір спортшыларымыздың сол жолды абыроймен жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге қол жеткізгеніне шексіз мақтанамын!», – деп жазды Э. Тұрсынбаева.

Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева –  2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылы өткен төрт құрлық арасындағы чемпионаттың күміс жүлдегері. Сонымен қатар дәл сол жылы өткен Қысқы универсиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (2014-2017), 2017 жылғы қыс Азия ойындарының қола жүлдегері.

Элизабет – мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасындағы ресми жарыстарда төрттік секіруді (сальхов) орындаған алғашқы спортшы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар