Алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сатпаев Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларға қолдау білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«@kairat4 және @kazparalympics бастамашы болған челленджге қосылып, Италиядағы Қысқы Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларымызға қолдау білдіргім келеді. Спортшы ретінде әрбір ірі жарыстың артында қаншама қажырлы еңбек жатқанын жақсы түсінемін. Мұндай сәтте арқаңда бүкіл елдің тұрғанын сезіну өте маңызды. Біз сіздерге сенеміз. Алға, Қазақстан!», - деп жазды Дастан Сәтпаев әлеуметтік желідегі парақшасында.