Сарбаздардың 300 млн теңге несиесін өтеу мерзімі кейінге шегерілді

/
Сарбаздардың 300 млн теңге несиесін өтеу мерзімі кейінге шегерілді
istockphoto.com

Бас әскери прокуратура мыңнан астам сарбаздың құқығын қорғады. Олардың әскери борышын өтеу кезінде кредиттік міндеттемелері кейінге шегерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтер алмасу мәселесінде мемлекеттік органдар мен банк ұйымдары арасында тиісті өзара іс-қимылдың болмауына байланысты, сарбаздарға кредиттік төлемдер бойынша кейінге қалдыруды рәсімдеудің уақытылы жүргізілмеу фактілеріне жол берілген. 

Әскери прокурорлардың араласуынан кейін мерзімді әскери қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп, 300 млн теңгеден астам сомаға кредиттік міндеттемелерді орындау мерзімі кейінге қалдырылды.

Қадағалау актісі негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен әскери қызметшілердің құқықтарын бұлжытпай сақтау бойынша тиісті жұмыс жүргізілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары