Сұлтан Сәрсемәлиевтің келіншегі Ақбаян да күдікке ілінді

/
Сұлтан Сәрсемәлиевтің келіншегі Ақбаян да күдікке ілінді
Фото: smartnews.kz

Атырауда ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның келіншегі Ақбаян Мұқанғалиева Индонезияда ұсталды. Қазір оларды Қазақстанға әкелу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін Ақбаян Мұқанғалиева із-түссіз жоғалған адам ретінде іздестірілген болатын. Қазір ол «күдікті» санатына ауысқан. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

«Кеше ғана күдіктілер Индонезия мемлекетінде ұсталды. Қазір оларды елге алып келу мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу амалдары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Интерпол мен Қазақстан полициясының қызметкерлері бірлесіп, арнайы топ құрып, сол топтың жұмысының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Екеуі де күдікті. Тергеу аяқталғаннан кейін толық ақпарат беріледі», - деді ол.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары