«Тобыл» сапына жаңа ойыншы қосылды

/
«Тобыл» сапына жаңа ойыншы қосылды

Қорғаушы Кирилл Глущенков Қостанай клубымен келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кирилл 2000 жылы 5 ақпанда дүниеге келген, Мәскеудің «Динамо» академиясының түлегі. Мансабында «Факел» клубында, сондай-ақ Беларусьтің «Ислочь» және «Торпедо-БелАЗ» командаларында өнер көрсетті.

«Автозауытшылар» құрамында Беларусь Кубогының иегері атанып, ел чемпионатының қола жүлдегері болды. Сонымен қатар УЕФА Конференциялар лигасында екі матч өткізіп, бір голмен көзге түсті.

2024 жылдың қаңтарында футболшы «Пари НН» клубына ауысып, кейін жалға беру шартымен «Торпедо-БелАЗ» командасына қайта оралды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары