Өскеменде үш аптада мыңнан астам тұрғын көктайғақтан зардап шеккен

/
Өскеменде үш аптада мыңнан астам тұрғын көктайғақтан зардап шеккен
istockphoto.com

Ақпан айының алғашқы үш аптасында Өскемен қаласының травмпунктіне 1 595 науқас жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алғандардың басым бөлігі – 1 181 адам – қала көшелерінде жарақаттанған. 396 тұрмыстық жарақат және 18 жол-көлік оқиғасына байланысты жарақат тіркелген.

Сондай-ақ 1–22 ақпан аралығында ит қапқан 37, мысық тістеген 11 және егеуқұйрық шаққан 3 жағдай тіркелді.

Осы кезеңде түрлі жарақаттармен барлығы 72 адам ауруханаға жатқызылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары