Павлодарда инвестордың құқығын бұзғандар жауапқа тартылды

/
Павлодарда инвестордың құқығын бұзғандар жауапқа тартылды
istockphoto.com

Павлодар облысының прокуратурасы 3,5 млрд теңгелік инвестициялық жобаны іске асырудағы кедергілерді жоюға көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен Успен ауданының прокуратурасы «БИК» шаруа қожалығына ірі сүт-тауар фермасының құрылысын қайта бастауға көмектесті.

Талдау барысында инвестор жобаны іске асыру үшін мүлікті кепілге қойып, кредит қаражатын тартқаны анықталды.

«БИК» шаруа қожалығы міндеттемелерін адал орындап, кредиторға негізгі қарыздың 500 млн теңгесін бірде-бір кешіктірмей төлегеніне қарамастан, кепіл ұстаушы ауыртпалықтарды алып тастаудан бас тартқан.

Активтердің іс жүзінде «тоқтатылуы» одан әрі қаржыландыру мен құрылыс жұмыстарын жүргізуді мүмкін емес етті.

Кредитордың әрекетсіздігі құны 3,5 млрд теңге болатын 500 басқа арналған сүт-тауар фермасы жобасының жүзеге асырылуына, сондай-ақ өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға қауіп төндірді.

Прокуратураның араласуынан кейін кепіл ұстаушы мен инвестор арасында келісімге қол жеткізілді, қазіргі уақытта мүлікке салынған барлық ауыртпалықтар алынды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары