«Грейдің анатомиясы» сериалына түскен әйгілі актер көз жұмды

/
«Грейдің анатомиясы» сериалына түскен әйгілі актер көз жұмды
Ғаламтор

«Анатомия страсти» (Grey’s Anatomy) және «Эйфория» (Euphoria) сериалдары арқылы танымал болған америкалық актер Эрик Дэйн 54 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың сәуір айында Дэйнге амиотрофиялық склероз диагнозы қойылған. Бұл – орталық жүйке жүйесінің ауыр, емделмейтін ауруы, ол аяқ-қолдың салдануына және бұлшықеттердің атрофиясына әкеледі.

«Жүрегімізге ауыр тиіп отыр, бейсенбі күні Эрик Дэйн өмірден өтті. Ол соңғы күндерін достарының, адал жарының және өзі үшін өмірінің мәні болған екі тамаша қызы – Билли мен Джорджияның жанында өткізді», – делінген хабарламада.

Дэйнге атақ-даңқ әкелген рөл – «Анатомия страсти» сериалындағы хирург Марк Слоан бейнесі. Сонымен қатар ол «Зачарованные» (Charmed) және «Эйфория» (Euphoria) сериалдарында да ойнаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары