Қызылжарда жоғалып кеткен университет студенті 9 айдан бері табылмай жатыр

/
Қызылжарда жоғалып кеткен университет студенті 9 айдан бері табылмай жатыр
Astana.tv

Қызылжарда университет студенті жоғалып кетті, 9 айдан бері табылар емес. Ол былтыр мамырдың төрті күні жатақханадан шығып, Есіл өзеніне қарай бет алған. Интернационал көшесі бойымен жалғыз жүріп келе жатқаны бейнекамераға түсіп қалған. Содан із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды turkystan.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Полицейлер өзен жағасында оның сыртқы киімін тауып алған. Айналада қан іздері болған. Сараптама бұл Анатолийдің қаны екенін растады.

"Полицейлер балам өзінің қолын кесіп, суға секірген болар дейді. Ол қанды көп жоғалтты. Мұндай жағдайда адамның басы айналып, жүре алмайды. Өзіне қол салғысы келсе, не үшін алдымен қолын кесіп, сосын суға секірді. Денесі неге әлі күнге су бетіне шықпады? Бұл жерде сәйкестікті байқап тұрған жоқпын. Сұрақ көп!", - дейді әкесі Николай Филипов.

Полицейлер қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарының аясында оқу орнын тексерген. Студенттің дос-жарандарымен сөйлесіп, буллингтің расталмағанын алға тартты. Тәртіп сақшылары Анатолийдің денесі табылмайынша, тергеу аяқталмайтынын мәлімдеді.

"Полиция Қозыбаев университетінің 4 курс студенті Анатолий Филиповты іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ол 2025 жылғы 4 мамырда жатақханадан шығып кеткен. Және қазіргі уақытта қайда екені белгісіз. Төтенше жағдайлар департаментімен, Солтүстік Қазақстан университетінің мұғалімдерімен, еріктілермен бірлесе іздедік", - дейді СҚО ПД криминалдық полиция бөлімінің аға уәкілі Сырым Аймұқанов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары