"Медаль емес, күйеуімнің саулығын тіледім": Дильназ Әжіғалиева Олимпиададан шығып қалған жұбайына қолдау білдірді

/
"Медаль емес, күйеуімнің саулығын тіледім": Дильназ Әжіғалиева Олимпиададан шығып қалған жұбайына қолдау білдірді
фото: ҰОК

Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метрлік қашықтықта сынға түсті. Өкінішке қарай, отандасымыз ширек финалда жарыс жолын аяқтауға мәжбүр болды. Осы сәтте оған әлеуметтік желі арқылы жұбайы Дильназ Әжіғалиева қолдау білдірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өзінің жүрекжарды жазбасын Тhreads желісінде жариялаған.

"Сіздер шорт-трекшілерден медаль күттіңіздер. Ал мен жолдасымның аман-есен елге оралуын тіледім. Әрине, медаль деген жақсы ғой. Бірақ жат елде жанын салып, үнсіз ауыр сөздерді көтеріп, төрт Олимпиаданың жүгін арқалап жүрген адамның амандығы мен үшін бәрінен маңызды. Мен Алладан ең бірінші медаль емес, күйеуімнің саулығын тіледім. Сен бүгін алтын алмасаң да, сенің бұл спортқа, елге сіңірген еңбегің алтыннан да қымбат. Елің мен тілің деп соққан жүрегіңнің биіктігі Олимп шыңынан да жоғары", - деп жазды Дильназ Әжіғалиева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары