Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жүрген шорт-трекші Абзал Әжіғалиев көпшіліктен қолдау сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Достар! Маған сіздердің қолдауларыңыз қажет. Менің мақсатым - еліміздегі шорт-тректің деңгейін көтеру. Өздеріңіз білетіндей, елімізде қысқы спорт түрлері аса танымал емес, халықтың қызығушылығы да жоқ. Ал әлеуметтік желілер бүгінде ақпарат таратудан, жарнама жасаудан үздік әрі таптырмас құрал болып тұр. Соңғы кезде спортымыздың дамуына үлес қосып, оны елімізде танымал ету үшін парақшаларымда белсенді болуға тырысып жүрмін. Баршаңызды Instagram парақшамда күтемін. Маған қолдау көрсетіп жіберсеңіз", - деп жазды Абзал Әжіғалиев.

Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша бүгін Астана уақыты бойынша 00:15-те 500 метр қашықтыққа жүгіруден ширек финалда өнер көрсетеді. Бұл – Әжіғалиев пен Никиша үшін мансабындағы төртінші Олимпиада.