Қазақстан мен Израиль ортақ қор құруға келісті

Қазақстан мен Израиль ортақ қор құруға келісті

Қазақстан мен Израиль ортақ қор құруға келісті
ашық дереккөзі
364
Бүгін вице-премьер Асқар Мырзахметов Израильдің ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі саналатын «LR GROUP» компания басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
«LR GROUP» компаниясының Израиль мемлекетінде 100 және әлем бойынша 3000-ға жуық қызметкерлері еншілес компаниялар жүйесі арқылы жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания көкөніс, май өндіру, тауық және күркетауық еттері мен жұмыртқаларын өндіру және жылыжай кешенін дамытумен айналысады. Енді «LR GROUP» компаниясы Қазақстанда бірлескен қор құруға ұсыныспен келіп отыр. Бұл қор қаржылық ұйым ғана емес, жобаларды нақты жүзеге асыратын, шетелден инвестиция тартатын, жаңа технологиялар ендіріп экспортпен айналысатын ірі орталық болмақ. Кездесу барысында вице-премьер жобаның екі тарапқа да тиімді екенін атап өтіп, «КазАгро» Ұлттық холдингімен бірлесіп алғашқы кезеңін бастауға тапсырма берді. Енді екі жақтағы жұмысшы тобы жобаға қажетті қаражатты есептеп, келісімшарттар түзбек. Айта кету керек, А.Мырзахметов өткен аптада ғана Израильге жұмыс сапарымен барып бірнеше келісімдерге қол жеткізген болатын. Сапар барысында Израильдің 60-қа жуық бизнес өкілдерімен кездесулер өткізген. Араға апта салмай Израиль тарапынан ірі компанияның келіп, инвестиция салуға ниет білдіруі екі жақты келісімнің нақты жемісі болып отыр. 

Серіктес жаңалықтары