Ақтөбеде мопед мінген 14 жастағы оқушы автокөлікке соғылды

/
Ақтөбеде мопед мінген 14 жастағы оқушы автокөлікке соғылды
Ақтөбе облысының Полиция департаменті

15 ақпанда Ақтөбе қаласында мопед пен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

8-сынып оқушысы Мұстафа Шоқай көшесімен мопедпен келе жатып, Honda автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан 2010 жылы туған кәмелетке толмаған мопед жолаушысы Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Полиция мәліметінше, мопедтің мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған. Сонымен қатар 14 жастағы жүргізушінің жүргізуші куәлігі болмаған, өйткені заң бойынша мопедті тек 16 жастан бастап және «A1» санаты бар жағдайда ғана басқаруға рұқсат етіледі.

Көлік құралдары коммуналдық тұраққа қойылды. Оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларға бақылауды күшейтуге және тиісті жүргізуші куәлігі жоқ тұлғалардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге шақырады.

Мопед міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс, ал оны басқаруға тек 16 жастан бастап, «A1» санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Осы талаптарды сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алып, балалардың өмірін сақтауға көмектеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары