Қазақстанда 550 мыңнан астам заңды тұлға тіркелген

/
Қазақстанда 550 мыңнан астам заңды тұлға тіркелген
istockphoto.com

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 550 204 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 438 787– жұмыс істеп тұрған субъектілер, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтарда 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда заңды тұлғалар саны 0,1% артты, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өсім 2,5%. 2016-2025 жылдар аралығында олардың саны 383 850-ден 549 669-ға дейін өсіп, 43,2% ұлғайды.

Тіркелген заңды тұлғалардың ең жоғары үлесі мына салаларға тиесілі:

- «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» – 26,7%

- «Құрылыс» – 13,4%

- «Өзге де қызмет түрлерін көрсету» – 9,9%

Тіркелген заңды тұлғалар саны басым аймақтар – Алматы (28,8%), Астана (19,5%) және Шымкент (5,5%).

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары