Солтүстік Қазақстанда орман ресурстарын қорғау саласына қатысты заң бұзу фактілері анықталды

/
Солтүстік Қазақстанда орман ресурстарын қорғау саласына қатысты заң бұзу фактілері анықталды
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы орман ресурстарын қорғау саласында бұзушылықтардың алдын алды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мемлекеттік орман қорын заңсыз кесуге қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың заңдылығы мен тиімділігінің жай-күйіне талдау жүргізді. 

Жекелеген орман иеленушілердің қызметінде орман қорын күзету мен қорғауды ұйымдастыруда және бақылау функцияларын жүзеге асыруда кемшіліктер анықталды, бұл орман ресурстарының сақталуын қамтамасыз етуге теріс әсер етеді, нәтижесінде орманды заңсыз кесу фактісі жіберілді.

 Орманды заңсыз кесу мемлекетке зиян келтіреді, экологиялық қауіпсіздікке теріс әсер етеді және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға жол бермейді. 

Бұдан басқа, мемлекеттік орман қорын қорғаудың жай-күйін объективті бағалауға кедергі келтіретін орманды аралау ревизиясының нәтижелерін бұрмалау фактісі анықталды. 

Прокурорлық ден қою шараларымен 6 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз кесудің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ заңсыз кесуді анықтаған кезде лауазымды тұлғаларға арналған іс-қимыл алгоритмі әзірленді. 

Мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

 

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары