"Маған ауа жұту қиындап барады": Нұрай Серікбайдың ағасы жан тебірентер жазба жариялады

"Маған ауа жұту қиындап барады": Нұрай Серікбайдың ағасы жан тебірентер жазба жариялады

Шымкентте адам қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай желіде жан тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Жағдайың жақсы ма, Нұрайка?Нұрайка, ағаңды кешіре аласың ба?

Кешірші мені, кешіре алсаң, сені сақтай алмадым, қорғай алмадым.

Сенсіз бұл жалған дүниеде маған ауа жұту қиындап барады. Өзіңді ойласам өкпем қысылып, жүрегім сыздайды.

Дәл қазір "Қайғы-қасірет" деген сөздің әр әріпін сезініп, күйініп жатырмын.

Мұңды, өте мұңды өмір...", – деп жазды ағасы.

Еске сала кетейік, 11 қаңтар күні кешке Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы аяусыз пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Бірақ арада екі күн өткенде ұсталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары