"Көктайғақ болуы мүмкін": 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

/
"Көктайғақ болуы мүмкін": 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және оған қатысты атмосфералық фронттардың әсері басым болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын түсіп, боран және көктайғақ болуы мүмкін", — деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Ал оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде, антициклонның әсері сақталғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар, республиканың барлық аумағында тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары