«Қуып жібердім»: Танымал тележүргізуші күйеуіне қатысты жазба жариялады

/
«Қуып жібердім»: Танымал тележүргізуші күйеуіне қатысты жазба жариялады

Журнлаист Дина Төлепберген әлеуметтік желіде күйеуіне қатысты жазба жариялап, қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Өткен аптада мен күйеуімді үйден «қуып жібердім». Шынымен. «Алаңдамай дайындал. Тапсыра алмасаң, келмей-ақ қой», — дедім. Әрине, бұл әзіл мен шындықтың арасы еді. Сырттай сабыр сақтауға ұмтылғаныммен, іштей екеуміз де алаңдап жүрдік, әрине.  Өйткені IELTS - жай емтихан емес. Шүкір, тілді толығымен «ұмытпапты».  Абыроймен 7.0 балл алып шықты. Бұл - жақсы нәтиже. Бірақ Мараттың шегі емес. Мен оны анық білемін. Ендігі кезек менде. Дайындалып жүрмін. Сондықтан емтиханнан кейін күйеуімді «қалай, не болды?» деп сұрақтың астына алдым", - деп жазды ол.

Сонымен қатар журналист 42 жаста болса да жолдасы екеуінің студент сияқты жүргендерін айтқан.

"Қайтадан үйреніп жатырмыз. Қайтадан өзімізге жаңа мақсат қойып жатырмыз. Егер ізденсең - миың да, өмірің де жасарады екен.  Күшті жаңалықтардың алдында тұрған сияқтымыз…", - деді Д. Төлепберген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары