Түркістан тұрғыны әйелін скотчпен байлап, психиатриялық ауруханаға жіберген

/
Түркістан тұрғыны әйелін скотчпен байлап, психиатриялық ауруханаға жіберген
Коллаж: Azattyq Ruhy

Түркістан облысында сот ер адамды жұбайын заңсыз түрде психиатриялық ауруханаға орналастырғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметі отбасылық жанжал кезінде ер адамның достарымен сөз байласып, әйелдің қолы мен аяғын скотчпен байлап, оны психиатриялық клиникаға жеткізгенін нақтылады.

«Әйелді күшпен Шымкент қаласындағы Облыстық психикалық денсаулық орталығына алып барып, сотталушы Д. тиісті медициналық құжаттарға қол қойып, оны мекемеге заңсыз орналастырған. Сотталушылардың (ред. ескертпесі: жәбірленушінің күйеуі және оның достары) кінәсі әйелінің көрсетулерімен, сараптамалармен, куәгерлердің айғақтарымен, аудио және бейнематериалдармен толық дәлелденді», — деп атап өтті сотта.

Сонымен қатар, Д.-ның Түркістандағы базарлардың бірінен бұрын сатып алған 16 жауынгерлік оқ-дәріні заңсыз сақтағаны анықталған.

Бүгін облыстық сот осы іс бойынша үкім шығарды. Жәбірленушінің күйеуі 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның сыбайластары әрқайсысы 8 жылдан алды. Моральдық зиянды өтеу ретінде сотталған Д.-дан жәбірленушінің пайдасына 5 млн теңге, Ю. мен М.-дан әрқайсысынан 3 млн теңгеден өндіріп алу белгіленді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары