17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметкер көз жұмды. Аталған факті бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бас прокуратураның мәлімдеуінше, оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.
«Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.
Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды. Істің тергелу барысы Бас прокуратура тарапынан бақылауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.