ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады

/
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады
Ғаламтор

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабуровке қатысты тексеру іс-шараларын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Tengrinews.kz ҰҚК-ға «Сабуровқа қатысты қылмыстық заңнаманы, соның ішінде Қылмыстық кодекстің 170-бабын бұзу ықтималдығы бойынша тексеру жүргізілді ме?» деген сауал жолдаған.

«Ақпарат назарға алынды, тексеру іс-шаралары жүргізілуде», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұған дейін танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынған. Шешім «елдің ұлттық қауіпсіздігі мүддесі, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау» мақсатында қабылданған.

Комик Внуково әуежайында, Дубайдан оралғаннан кейін тоқтатылған. Сабуров Дубайға тегін депортациялаудан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алған. 7 ақпан күні таңертең ол Алматы қаласына келген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары