Астанада жасөспірімдерге бақылау күшейтілді

/
Астанада жасөспірімдерге бақылау күшейтілді
polisia.kz

Елордада полиция жасөспірімдерге қатысты бақылау күшейтілгенін ескертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында, профилактикалық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді. Әсіресе жасөспірімдердің түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына жол бермеуге ерекше назар аударылуда.

Осы мақсатта қоғамдық орындар, саябақтар, аула аумақтары, жағалаулар, сауда және ойын-сауық орталықтары күшейтілген режимде патрульденуде. Заңда белгіленген тәртіпті бұзған кәмелетке толмағандарды анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Жыл басынан бері осындай шамамен 500 дерек тіркеліп, барлық факті бойынша балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдері жауапкершілікке тартылды.

Рейдтермен қатар мектептерде де алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқушылармен дәрістер мен түсіндіру кездесулерін өткізіп, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуде.

Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың салдары, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріледі.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Полиция ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылауға, олардың қайда және кіммен жүргенін білуге, сондай-ақ заңға құрметпен қарауды тәрбиелеуге шақырады. Тек отбасы, білім беру ұйымдары және құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігері ғана қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары