Ұландықтар самбодан Қазақстан чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

/
Ұландықтар самбодан Қазақстан чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Ұлттық ұлан

Қарағанды облысында ересектер арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнирге еліміздің 19 аймағынан 600-ге жуық мықты спортшы қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметкерлері 10 медаль жеңіп алды.

Әскери қызметкерлердің спорттық самбодағы нәтижелері:

58 келіге дейін -  III орын: қатардағы Санжар Әли (6655 ә/б)

64 келіге дейін - III орын: қатардағы Нұрсұлтан Нұрсейітов (7552 ә/б)

71 келіге дейін — III орын: қатардағы Махамбет Қонысбай (3660 ә/б)

79 келіге дейін - III орын: қатардағы Тілек Тоқтасынұлы (6636 ә/б)

88 келіге дейін - III орын: қатардағы Азат Қуатов (6655 ә/б)

98 келіге дейін - II орын: ефрейтор Еламан Қойшыбаев (6636 ә/б)

98 келіден жоғары — I орын: қатардағы Болат Сапар (6636 ә/б)

Жауынгерлік самбо нәтижелері:

53 келіге дейін - III орын: ефрейтор Жастілек Ахметбеков (6697 ә/б)

58 келіге дейін — I орын: қатардағы Арман Тұрымбетов (6655 ә/б)

64 келіге дейін - III орын: ефрейтор Манабек Әсембай (5518 ә/б)

Жарыс қорытындысы бойынша әскери қызметкерлер жалпы 10 медаль жеңіп алды : 2 алтын, 1 күміс, 7 қола.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары