Соңғы қазақстандық биатлоншы 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады

/
Соңғы қазақстандық биатлоншы 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады
Фото: Kevin Voigt/GettyImages

Қазақстандық биатлоншы Владислав Киреев Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында із кесу жарысында сынға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында із кесу жарысы аяқталды.

Спринт қорытындысы бойынша із кесу жарысына Владислав Киреев жолдама алған еді. Ол 51-нөмірмен, көшбасшыдан 2 минут 49 секунд айырмашылығымен жарыс жолына шықты.

Төрт ату айлағы бар жарыста Киреев төрт рет мүлт кетіп, көшбасшыдан төрт минуттан астам уақытқа артта қалып, 42-орында мәре сызығын кесті.

Швециялық Мартин Пансилуома жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды норвегиялық биатлоншы Стурла Холм Легрейд иеленсе, үздік үштікті франциялық Эмильен Жаклен түйіндеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары