«Мәйіттерді екі жыл бойы май мен бал жағып мумиялаған»: Майқайыңдағы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

/
«Мәйіттерді екі жыл бойы май мен бал жағып мумиялаған»: Майқайыңдағы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
istockphoto

Журналист Оңғар Қабден Майқайыңдағы жантүршігерлік оқиғаға байланысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бұл іске үшінші тұлға – кемпір мен шалдың үлкен қызы Света да қатысқан. Мәйіттерді кемпір мен үлкен қызы Света май мен бал қосып сылап, мумиялаған.

Ал 6 жастағы немересі полицияға: «Мен мамамды мумиялауға көмектестім», – деп айтқан.

Журналистің мәліметінше, шал қатерлі ісіктен қайтыс болған қызының күйігінен көз жұмған. Ал үйді кемпірі билеп-төстеп отырған.

Қазіргі таңда кемпір де, үлкен қызы Света да қамауға алынып, қолдарына кісен салынған. Ал 6 жастағы балақай Екібастұздағы балалар үйіне өткізілген.

«Кішкентай қызға психологтар көмектесе ала ма?» – деп алаңдайды журналист.

Сондай-ақ Оңғар Қабден облыстың әлеуметтік салаға, идеологияға жауапты әкім орынбасары Маликова ханымнан ресми жауап күтетінін мәлімдеді.

«Өйткені былтыр облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұздағы Милана оқиғасы бойынша үлкен жиналыс жасап, қадап тұрып тапсырған еді. Арада жыл өтпей мына оқиға! Павлодар облыстық полиция департаменті неге үнсіз? Ел ішінде алып-қашпа әңгіме көбейді. Ертең тағы “ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер” деп шығасыздар. Сенгің келеді-ақ!» – деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары