«ҚазАвтоЖол» елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады

/
«ҚазАвтоЖол» елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады
istockphoto

 «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ауа райының бұзылуына байланысты келесі учаскелерде уақытша қозғалысқа шектеу енгізілді:

Жетісу облысы

• «Үшарал — Достық — ҚХР шекарасы», 84-164-шақырым (Көктұма ауылы — Достық станциясы).

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы», 181-337-шақырым (Шұбарқұдық кенті — Атырау облысы шекарасы).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысы

• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары