Евгений Кошкин 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді

/
Евгений Кошкин 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді
ҰОК

Конькимен жүгіруден Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Евгений Кошкин Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды ҰОК.

Кошкин 500 метр қашықтықта ел намысын қорғады.

Отандасымыз 34.56 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, қорытынды есепте тоғызыншы орынға ие болды.

Джордан Штольц (АҚШ) Олимпиада чемпионы атанды. Ол 33.77 секунд уақыт көрсеткішімен Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс жүлдені Йеннинг де Боо (Нидерланд) жеңіп алды – 33.88. Ал қола медаль Лоран Дюбрейге (Канада) бұйырды – 34.26.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары