«Дұғада болыңыздар»: Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды

/
«Дұғада болыңыздар»: Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды
Әлеуметтік желіден

Белгілі актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі сторисі арқылы ауруханаға түскенін хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Өнер иесі аурухана төсегінде жатқан суретін жариялап, оған «Жолда абай болыңыздар» деген қысқа жазба қалдырған.

Осы жазбадан кейін желі қолданушылары арасында Қоянбаев жол апатына түсті ме деген сауал туындады. Көпшілік өнер иесіне деніне саулық тілеп, дұға жасап қойыңыздар деп жазып жатыр.

Алайда әзірге оның нақты қандай жағдайға байланысты ауруханаға түскені жөнінде ресми ақпарат берілген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары