«Бұл медаль Денис Тен үшін де маңызды болар еді» – Михаил Шайдоров

/
«Бұл медаль Денис Тен үшін де маңызды болар еді» – Михаил Шайдоров
Фото: ҰОК

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров марқұм Денис Тенге шексіз алғысын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Бұл медаль мен үшін де, еліміз үшін де аса маңызды. Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың дамығанын қалаймын. Сол үшін бар күшімді саламын. Жағдай жасалып, жастарға мүмкіндік берілсе екен деймін.

Менің медалім Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын. Ол бізге жол ашты. Оның да жолы оңай болған жоқ, менікі де жеңіл болмады. Қазақ мәнерлеп сырғанауының дамуына қосқан үлесі үшін Дениске алғыс айтамын. Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан барлық спортшыға сәттілік тілеймін. Оларға жанкүйер боламын. Қолымнан келгенше жарыстарға барып, қолдау көрсетуге тырысамын", - деді Олимпиада чемпионы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары