Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Кәсіби спортшы болмасам да, боксқа бала күнімнен икемім бар әрі өзім жақсы көремін. Өнерпаздар арасында өткен бокс сайысында осы икем-қабілетім жетістікке жеткізді. Бала күнімнен кәсіби тұрғыда айналысқанымда, бәлкім, өнерге келмес пе едім. Біздің ауылда бокс мектебі болмады. Бекзат Саттарханов секілді ағаларымыз Олимпиадада өнер көрсеткенін көріп, қатты қызығып, армандадым. Сол қиялмен 2012 жылы өнерпаздар арасында өткен бокс додасында жеңіске жетіп, арманыма жеттім», - дейді әнші.