Африкада қозғалтқышы істен шыққан ұшақта 80 жолаушы болған

/
Африкада қозғалтқышы істен шыққан ұшақта 80 жолаушы болған

Лагостан Порт-Харкорт қаласына бағыт алған Arik Air әуе компаниясының лайнері ұшу барысында қозғалтқышы бұзылғандықтан, шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдай ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай болған. 80 жолаушысы бар Boeing 737 ұшағында қатты дыбыс шыққаннан кейін сол жақ қозғалтқыш істен шыққан. Экипаж шұғыл жағдайға арналған іс-қимыл хаттамаларын дереу іске қосты.

Тарту күші жоғалғанына қарамастан, ұшақ бір ғана жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен ұшуын жалғастырып, Бенин қаласына сәтті қонған. Алдын ала мәлімет бойынша, борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген. 
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары