Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйден зейнеткердің мәйіті табылды

/
Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйден зейнеткердің мәйіті табылды
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстанда өрттен зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданында жеке тұрғын үйде болған. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранған.

Қызыл жалынды сөндіру барысында үй иесі, 68 жастағы зейнеткер әйелдің мәйіті табылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда, дейді құтқарушылар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары