«5 жылға сотталды»: Павлодарда ер адам бұрынғы сүйіктісінің көлігін өртеп жіберген

/
«5 жылға сотталды»: Павлодарда ер адам бұрынғы сүйіктісінің көлігін өртеп жіберген
ашық дереккөз

Павлодарда жол талғамайтын көлікті қасақана өртегені үшін екі ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот анықтағандай, қылмыскер мен жәбірленуші бұрын фактілік некелік қатынаста болған Н. Тергеу нұсқасы бойынша, ол жеке себептермен әйелге тиесілі «Toyota Land Cruiser 200» көлігін өртетуді ұйымдастырған. Ойын жүзеге асыру үшін Н. туысы Б.-ны тартып, оған ақшалай сыйақы уәде еткен.

Б. Павлодар қаласында жәбірленушінің үйіне келіп, аулада тұрған автокөліктің капотына жанғыш сұйықтық құйып, өрт қойған. Нәтижесінде көлік толықтай жанып кеткен.

Келтірілген шығын 24 873 230 теңгені құрап, аса ірі мөлшерге жатады. Айта кетейік, ҚР ҚК 202-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көзделген бұл қылмыс ауыр қылмыстар санатына кіреді. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

«Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылды: Н.-ға 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, Б.-ға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Материалдық шығын мен сот шығындарын өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары