Мысық құшақтап ұйықтау иммунитетті күшейтуі мүмкін

/
Мысық құшақтап ұйықтау иммунитетті күшейтуі мүмкін
сурет: istockphoto.com

Мысық құшақтап ұйықтау иммунитетті күшейтуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz РИА новостиге сілтеме жасап.

Карелия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мысық құшақтап ұйықтау адамның иммундық жүйесіне оң әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді. Әсіресе бұл балалар үшін пайдалы болуы ықтимал.

Ведомствоның түсіндіруінше, үй жануарымен тұрақты түрде ойнау, еркелету және құшақтау «бақыт гормондарының» бөлінуіне ықпал етеді. Ал бұл өз кезегінде күйзеліс деңгейін төмендетіп, ағзаның қорғаныс қабілетін жақсартуы мүмкін.

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, үй жануарымен бірге ұйықтау депрессия белгілері бар адамдарға да жағымды әсер етуі ықтимал. Эмоциялық қолдау мен тыныштық сезімі психикалық жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі.

Дегенмен дәрігерлер аллергиясы немесе тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдарға сақ болуға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары