Олимпиада-2026: Шаңғышы Александра Скороходова дебют жасады

/
Олимпиада-2026: Шаңғышы Александра Скороходова дебют жасады
Оlympic.kz

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тау шаңғысынан өнер көрсетуді бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйелдер арасындағы супергигантта Қазақстан атынан Александра Скороходова сынға түсті.

Отандасымыз 1:31.22 уақыт көрсеткішін тіркеді. Осылайша ол 25-орын алды.

Италиялық Федерика Бриньоне (1:23.41) жарыста жеңімпаз атанды. Күміс жүлде франциялық Роман Мирадолиға (1:23.82) бұйырды. Ал австриялық Корнелия Хюттер (1:23.93) қола медальға ие болды.

Айта кетейік, сондай-ақ Александра Скороходова слалом және слалом-гигантта сынға түседі.

Бұл Александра Скороходова үшін алғашқы Олимпиада ойындары. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары