"Қайрат" сапына финляндиялық футболшы қосылды

/
"Қайрат" сапына финляндиялық футболшы қосылды

«Қайрат» футбол клубы Финляндия құрамасының жартылай қорғаушысы Ойва Юкколамен келісімшартқа қол қойды. Келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ойыншы  23 жаста. Ол сол және оң қапталдағы вингер Бойы - 186 см. Салмағы - 86 келі. Юккола — финляндиялық «Ильвес» клубының түлегі. «Қайратқа» ауысқанға дейін осы командада өнер көрсетті. Ол Финляндия жоғарғы лигасында негізгі команда сапында 2020 жылы, 18 жасында дебют жасады. Өткен маусымда Ойва 37 матч өткізіп, 8 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Жалпы «Ильвес» сапында жартылай қорғаушы 129 ойын ойнап, 21 гол соғып, 20 ассист берді. 2025 жылғы күзде Юккола Финляндия ұлттық құрамасында дебют жасап, Норвегияға қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықты", - деп жазылған клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары