Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

/
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді
Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеше Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасының мән-маңызына тоқталды. Өзгерістердің ауқымы мен маңыздылығы, талқылау процесінің ашық жүргізілуі ел тарихында бұрын-соңды болмаған.

Президентіміз атап өткендей, жаңа Конституция жобасында “адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін” қағидаты айқындала түскен. Конституциялық реформаның көздеген мақсаты да осы – ауқымды саяси жаңғырумен қатар, экономиканың сапалы өсу қарқынын арттыра түсуге бағытталып отыр. Яғни, бірінші кезекте, халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыруға басымдық берілуге тиіс. Бұл – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары