Қырғызстанда болған шаңғышы қыздың оқиғасы жайлы ресми ақпарат берілді

/
Қырғызстанда болған шаңғышы қыздың оқиғасы жайлы ресми ақпарат берілді

Әлеуметтік желіде Қырғыз Республикасында болған оқыс оқиға жайлы ақпарат тарады. Қыз демалыс аймағындағы «Қашқұлақ» базасында сайға құлап кеткен. Демалыс аймағы әкімшілігі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сағат 19:40-та кешеннің медициналық пунктіне зардап шеккен адам туралы өтініш түсті. Сол уақытта медициналық қызметкер көмек көрсету үшін оқиға орнына шықты, сондай-ақ жеке жедел жәрдем шақырылды. Алайда кейінірек зардап шеккенді жедел жәрдемге қарсы беттеп, төменге түсіру туралы шешім қабылданды. Зардап шеккен адам шұғыл тексеруден өтуі үшін жедел жәрдем дәрігерлері мен жақындарының ілесуімен профильді медициналық мекемеге жеткізілді», — делінген «Қашқұлақ» кешенінің хабарламасында.

База әкімшілігі оқиға туралы учаскелік полиция қызметкеріне хабарлаған, ол жағдайдың мән-жайын анықтау үшін дереу оқиға орнына барған.

«Айта кетейік, базада қауіпті учаскелерге халықаралық стандарттарға сәйкес А класты арнайы қорғаныс торлары орнатылған. Қыздың қозғалыс жылдамдығы, бағыты және тежелуге әрекет жасамағанын ескере отырып, тордың кенеп бөлігі жыртылып, ол еңіспен төмен қарай құлап кеткен. Зардап шеккен Т.А., 2006 жылы туған: бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, оң жақ сан сүйегінің басы толықтай алдыңғы шығуы және қолының ығысуымен ашық сынуы бар. Бұл учаскеге өзге қоршау орнатылса, салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді», — деп түйіндеді база әкімшілігі.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары