Қысқы Олимпиада: Қазақстан биатлоншылары мәреге жете алмай қалды

/
Қысқы Олимпиада: Қазақстан биатлоншылары мәреге жете алмай қалды
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан аралас командалық эстафета (4×6 км) жарысы аяқталды. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы мәреге жете алмай, жарысты аяқтай алмады.

Аралас эстафетада ел намысын Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Рақышева қорғады. Алайда соңғы кезеңде қазақстандық спортшылар көшбасшы командадан бір айналымға қалып қойып, жарыстан шығарылды. Нәтижесінде Қазақстан командасы 21-орынмен тіркелді.

Жарыс қорытындысы бойынша алтын медальді Франция құрамасы жеңіп алды. Екінші орынды Италия иеленсе, үздік үштікті Германия командасы түйіндеді.

Аралас эстафета (4×6 км) жүлдегерлері:

Франция – 1:04:15.5

Италия – +25.8

Германия – +1:05.3

Айта кетейік, биатлоннан келесі жарыс 10 ақпанда «Антерсельва аренада» ерлер арасындағы жекелей сынмен жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары