Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кетті. Көлік ішінде болған екі әйел қиын жағдайда қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағы шұғыл түрде жіберілді. Құтқарушылар арнайы жабдықтарды пайдалана отырып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті және мұз үстінде жұмыс жүргізді.
Нәтижесінде екі әйел жағаға шығарылып, оларға медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді.