Петропавлда ұлынан айырылған әке 96 млн теңгені өзге балалардың еміне үлестірді

/
Петропавлда ұлынан айырылған әке 96 млн теңгені өзге балалардың еміне үлестірді
ашық дереккөз

Петропавлда баласының еміне деп жиналған қаражатты әкесі ұлы қайтыс болған соң өзге де науқастарға таратып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде марқұм Әлтайырдың әкесі Данияр әлеуметтік желіде жариялаған бейнеүндеуінде мәлімдеп, жұртшылыққа қолдау үшін алғыс айтты.

Оның айтуынша, жиналған қаржының 96 миллион теңгесі жұмсалмай қалған. Отбасы осы соманы емге мұқтаж, қазіргі таңда қаржы жинап жатқан балаларға үлестіруді жөн көрген.

«Ұлымыздан айырылғанымызға жеті күн болды. Жиналған қаражаттың бір бөлігі – 96 миллион теңге – қалды. Сол ақшаны көмекке зәру балаларға беруді дұрыс деп шештік», – деді ол.

Қаражат келесі тәртіппен бөлінген:

Аяна Нұртаеваға – 45 млн теңге;

Алмаз Түсіпбекке – 25 млн теңге;

қалған бөлігі Дарья есімді қызға аударылған.

Сөз соңында Данияр отбасы атынан қолдау білдірген барша қазақстандықтарға ризашылығын жеткізіп, ауыр кезеңде көрсетілген қаржылай әрі моральдық демеудің ерекше маңызға ие болғанын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары