Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

/
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

"Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді",- делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары