Жеткіншектер турнирі басталды

Таяуда «CocaCola Былғары Доп» жеткіншектерге арналған футбол турнирінің жеребесі тасталды. Сонымен қатар БАҚ өкілдері мен футбол ардагерлері арасында жолдастық кездесу өтті.

Жеребе тастау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы, Білім және ғылым министрлігі басшылары мен журналистер қатысты. 16 команда – төрт топқа бөлінді, әр топта төрт командадан. Өз тобында біріншілікке жеткен команда ширек финалға шығады, жеңімпаздары ақтық сында кездесіп, 2016-2017 жылдың жеңімпазы анықталмақ.

17-30 сәуір аралығында облыстарда турнирдің негізгі ойындары өтеді, жеңімпаздар Астанада өтетін финалда  өз облыстарының атынан сайысқа түседі.

Кеңес дәуіріндегі танымал футболшы, КСРО құрамасында өнер көрсеткен Сейілда Байшақов ардагерлер командасының жаттықтырушысы ретінде келді. Журналистер мен ардагерлер арасында футболда есеп 3:3 болды.

«Coca-Cola Былғары Доп» турнирінің жаңа деңгейге көтерілгенін көргенімізге қуаныштымыз. Еліміздің жас ұрпақтарының дамуына үлес қосу мүмкіндігінің берілгенін мақтан тұтамыз. Бұл жарыс жас футболшылардың спорттық рухын көтеріп, салауатты өмір сүруге жетелейді. Балалар басқалармен араласып, дос табады.2006 жылдан бері «Былғары доп» Қазақстан ауылдарынан бастап үлкен жолмен жүріп өтті, – деді қазақстан Футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов.

 

Back to top button