Ұлттық ұлан жауынгерінің қызы хоккейден әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

/
Ұлттық ұлан жауынгерінің қызы хоккейден әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Ұлттық ұлан

Таяуда Қазақстан қыздар құрамасы Түркияда хоккейден жасөспірімдер арасында II A дивизионындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Байрақты бәсекеде жасындай жарқырап көзге түскендер қатарында Ұлттық ұланның әскери қызметшісінің баласы Айдана Рахатқызы да бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шығыстың шымыр қызы әлем чемпионатында әсіресе Нидерландыға қарсы ойында қорғаныс шебінде тас қамалдай беріктік танытты. Өскемендік «Торпедо» клубының  ойыншысының алға қойған жоспарымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік қызмет басқармасының орынбасары  жауынгерлік қызмет бөлімінің  бастығы  подполковник Рахат Калибеков  бөлісті.    

«Өскемен елімізде хоккейдің Отаны саналады. Сондықтан қызымды сегіз жасында хоккейге бердім. «Торпедо» сапында өнер көрсеткем балам бір жыл бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасына қосылды. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Айдана алдағы уақытта АҚШ пен Канаданың хоккей клубтарын біріктіретін, әлем жұлдыздарынан құралған NHL сияқты үздік лигада бақ сынағысы келеді», – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік басқармасы бастығының орынбасары – жауынгерлік  бөлім  бастығы  подполковник Рахат Калибеков.

Рахаттың жанұясының әрбір мүшесі спортпен жай шұғылданып қоймай, спорт шебері дәрежесіне дейін жеткен. Айталық, әскери  қызметшінің жұбайы Динара дзюдо күресі мен волейболдан спорт шебері болса, әскери қызметші бала кезінде спорт мектебінде оқып, еркін күрестен  спорт шеберіне үміткер атанған.  Спортшылардан құралған отбасы үшін таяудағы Айдананың  жетістігі әулет қоржынындағы  баға жетпес құнды жүлделердің бірі  болып саналары анық.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары