Александр Бублик баланың тұсауын кесті (ВИДЕО)

/
Александр Бублик баланың тұсауын кесті (ВИДЕО)

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик тұсаукесер рәсіміне қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұсаукесер рәсімінде қатты толқыған баланың анасы байқамай Бубликті футболшы деп атаған. Ал сәбидің өзі ақ мата төселген жолдан өтіп, жерде жатқан теннис добын таңдаған.  

«Александр Бублик жас батыр Аян Бейбітұлының тұсауын кесті. Алдағы өмір жолы ашық, қадамы нық болып, Александр сияқты ел мақтанышы атануын тілейміз», — делінген Қазақстан теннис федерациясы парақшасындағы бейнеролик сипаттамасында.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары