АҚШ-та полиция тікұшағы апатқа ұшырады

/
АҚШ-та полиция тікұшағы апатқа ұшырады

АҚШ-тың Аризона штатындағы Флагстафф қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері белгісіз адаммен атысқаннан кейін полиция тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ABC15 порталы жергілікті полицияның хабарламасына сілтеме жасап жазды.

Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесіне қатысты оқиға Томпсон көшесі мен Марк Лейн көшесінің арасындағы аумақта болған. Тікұшақ құлаған нақты орын қазір анықталып жатыр. Open Source Intel арнасының хабарлауынша, қарулы адам кейін ұсталған.

Алайда қазіргі уақытта апат салдарынан қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы мәлімет жоқ, бұл деректер жарияланбады. Флагстафф қаласының билігі оқиғаға әзірге көпшілік алдында ешқандай түсініктеме бермеген.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары