Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті.
Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.