17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында ITF Juniors әлемдік рейтингісіндегі үздік ондыққа енді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш рет жартылай финалға шыққан Заңғар рейтингіде 12-ден 9-орынға көтерілді.
Осылайша, Заңғар әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына кірді.
Өткен жылы Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының да жартылай финалына дейін жеткен болатын. Жасөспірімдер арасында екі рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына Қазақстаннан басқа ешкім шыққан емес.
Сөйтіп, WTA, ATP және ITF Juniors рейтингісінде Қазақстанның үш бірдей өкілі ТОП-10-ға енді. Елена Рыбакина үшінші, Александр Бублик 10-ыншы, ал Заңғар 9-сатыда тұр.